• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 01:12:44
Алматы
+35°

Алматыда ауыр халде болған екі пациенттің жай-күйі жақсарды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі адамның бірі 46 жастағы әйел адам 3 наурызда «"СOVID-19" бойынша расталған жағдай, ауруханадан тыс 2 жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ауыр ағымы» диагнозымен келіп түскен.​

Аз дене қимыл-қозғалысы кезінде күшейетін, тыныштықта ентігу шағымдары, қиын бөлінетін қақырығы бар жөтел, айқын жалпы әлсіздік алаңдатқан.

Екінші пациент 1955 жылы туған. Сол симптомдармен.

Реанимация бөлімшесінде екеуіне де короновирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы, бактерияға қарсы терапия жүргізілді.

Сонымен қатар, келесі емдеу шаралары: Оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖЖ, кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және т. б. жүргізілді.

«Емделу кезінде өздерін жақсы сезінгендері, ентігу мен әлсіздіктері азаюы сияқты оң өзгерістермен пациенттер әдеттегі бөлімшеге ауыстырылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда Алматы облысынан келген пациентті ескере отырып, коронавирусы бар 99 адам емделіп жатқандығын естеріңізге саламыз.

70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, жеті адамның жай-күйі – ауыр, 22 пациентте (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы СOVID-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір