• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:05:00
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1271 тәртіп бұзушылық анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Облыстың тәртіп сақшылары 1 мамырға дейін ТЖ режимін бұзудың 1271 фактісін анықтаған. Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 1217 іс тіркелді, қамауға алынғаны – 237 адам, айыппұл салынғаны – 282, ал 645 адамға ескерту жасалып, 44 материал сотқа жіберілді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқықтәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 54 бұзушылық анықталған, оның ішінде 24 адамға айыппұл салынды, 30 адам қамауға алынды.

Тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері де орын алуда, мұндай заңбұзушылықтардың саны 79–ға жетті.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір