• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:26:00
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстанға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен келді. Іс сапар барысында министр ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен бірге Өскемен-Талдықорған, Қалбатау-Майқапшағай дәліздерін салу жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Жоба аясында 763 шақырым жол жөнделеді. Нәтижесінде ШҚО, Аягөз ауданындағы Шыңқожа және Үшбиік, сондай-ақ Алматы облысындағы Қойлыққа дейінгі аралықтағы жол жөнделмек.

Автожолдарды қайта жөндеу жұмыстарына «CITIC Cinstruction Co.Ltd» ЖШС, «К-Дорстрой» мен «Todini Central Asia» ЖШС мердігер компаниялары тартылған.

«К-Дорстрой» ЖШС-нің басшысы Валерий Жұмағазыновтың айтуынша, жол жөндеу барысында Шығыс Қазақстанның климаты ескеріліп отыр. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына жаңа техникалар қолданылуда.

– 2017 жылдан бастап бұл жоба жүзеге асырылуда. Ең алдымен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргіздік. Өткен жылы құрылыс-монтаждаумен айналыстық. Ал биыл негізгі шаруаға көштік. Жолдың беткі қабатын жауып жатырмыз. Енді бұл жолға кем дегенде 8-10 жыл жөндеу жұмыстарын жүргізбеуге болады, – деді жоба жетекшісі.

Коронавирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұнда жұмыс бір мезетте тоқтаған жоқ.

Жоспарға сәйкес 2020 жылы бұл аумақтағы барлық жұмыс аяқталады.

– Қаржының негізгі бөлігі жолдарды жөндеуге бөлінді. Ағымдағы жылы Қазақстанда 4 мың шақырым, 2021 жылы 2,6 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді. Осы орайда, Шығыс Қазақстан жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша көш бастап тұрғанын атап өткен орынды. Ең бастысы, жол құрылысы жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Өскемен-Талдықорған автожолының құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

Қалбатау-Майқапшағай автожолының жөндеу жұмыстарымен «СП «КазГерСтрой» ЖШС мен «СиньСин» қытайлық компаниясының қазақстандағы филиалы айналысуда. Жолдың жалпы аумағы 415 шақырымды құрайды. Жаңа жол жолаушылардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Мұндағы құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір