• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:07:30
Алматы
+35°

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Видео режимінде өткен кездесу барысында Мишустин: "Мен оқшауланып, дәрігерлердің бұйрығын орындауым керек. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет" деді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов Мишустиннің міндетін уақытша атқарады.

54 жастағы Михаил Мишустин қаңтарда премьер-министр болып тағайындалған.

Ресей экономикаға келген зардаптарды оңалтып, бизнеске көмектесу үшін оқшаулау шектеулерін жеңілдету туралы мәселені қарастыруда.

Елде оқшаулау шаралары бүгін аяқталуы керек болатын, бірақ елдің алдағы жоспарлары туралы әлі ештеңе айтылған жоқ.

Сейсенбі күні Путин ресейліктерді үйде болуға шақыра отырып, шаралар тағы екі аптаға созылуы мүмкіндігін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Коронавиру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір