• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:24:14
Алматы
+35°

Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып екі қазақстандық азамат қайтыс болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тelegram-да мәлімдеді. 

– 2020 жылдың 29 сәуірінде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласындағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, 38 адам қайтыс болды. Тағы 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік мәліметінше, 38 адамның 29-ы кім екені анықталды. Оның ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біздің дипломаттар Сеулмен байланыста. Тағы 9 адамның кім екені анықталып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Айбек Смадияров.

Жалын бес сағаттан соң сөндірілді. Жергілікті билік өртке құрылыс жұмыстары кезінде уретан жарылуы себеп болған деп санайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір