• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:27:23
Алматы
+35°

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның әйнек табытта жатқан суреті әлеуметтік желіде, әсіресе, твиттерде таралуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Алайда, бұл суреттегі адамның нақты Ким Чен Ын екені расталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея лидерінің жүрек отасынан көз жұмғаны жайында ақпарат пайда болды. Көп ұзамай, оның отбасылық пойызының спутниктік суреті жарияланып, оның тірі екені туралы Оңтүстік Корея президентінің кеңесшісі сұқбат берді. Солтүстік Корея басылымдары Ким Чен Ынның құрылысшы жұмыскерлерге алғыс хат жолдағанын жазды. Ал, екі күн бұрын Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлағанбыз. Сонымен бірге, Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын, оның орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын жазғанбыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір