• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:44:52
Алматы
+35°

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Семей қаласы Қарағайлы тұрғын ауданында жалпы алаңы 111,965 мың шаршы метрді құрайтын 20 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға енгізілген. Бұл туралы брифинг барысында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Жақаев баяндады.

– Қазіргі таңда 20 көпқабатты үй пайдалануға берілген. Жалпы алаңы 95,883 мың ш. м. құрайтын 18 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы алаңы 171,600 мың ш. м. 43 тұрғын үйдің жобалақ сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар да жүргізіліп жатыр. 320 орындық балабақша пайдалануға берілді, 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша құрылысына жер телімдері бөлінді. Бүгінгі күні бір мектепке ЖСҚ әзірленуде, сонымен қатар осы шағын ауданда тағы да бес мектептің құрылысы жоспарлануда. Төтенше жағдай кезінде құрылыс тоқтаған жоқ, барлық жұмыстарды жалғастырамыз, – деді Болат Жақаев.

Мұнда сондай-ақ ұзындығы 2,5 км Омск-Майқапшағай (Павлодар трассасы) жолын қайта жаңарту жоспарланып, 6 көше жобаланды. Олардың бірі спорттық-мәдени кешенді, саябақ аймағын, НЗМ мен білім және технологиялар трансферті орталығын біріктіретін болады. Ол Арбат жаяу жүргіншілер көшесі, конькимен сырғанау жолы, екі хоккей алаңы, сондай-ақ жасанды мұз төселетін жыл бойы пайдаланылатын допты хоккей, керлинг ойындары үшін үш алаң жоспарланған. Трибунаның сыйымдылығы бір мезетте 1000 көрермен үшін арналған.

Биыл «Қарағайлы» тұрғын ауданы нақтылы жоспарлау жобасын ауданның аумағын солтүстік жаққа 90,0 га ұлғайтуға түзету бойынша жұмыстар басталды, онда бірінші қабаттарында тұрғын емес жайлар, 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйлерді, мектептерді, өрт сөндіру депо және әлеуметтік нысандарды салу қарастырылған.

«Қарағайлы» тұрғын ауданының нақтылы жоспарлау жобасы түзетілгеннен кейін, аумақтың жалпы көлемі – 293 га құрайды, тұрғындар саны – 32,6 мың адам, үйлердің саны – 227, тұрғын үй қоры 1188,5 мың шаршы метрді құрайтын болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тұрғын-үй құрылысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір