• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:03:28
Алматы
+35°

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей дүйсенбіде 6198 жаңа коронавирус жұқтырушы тіркелгенін хабарлады, ал кеше бір күнде 6361 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы федерация бойынша коронавируспен ауырғандар саны 87 147-ге жеткен.

Ресейде соңғы 24 сағат ішінде коронавирустан тағы 50 өлім расталғаны хабарланды.

Басылымның жазуынша, коронавирустың расталған жағдайлары бойынша Ресей Қытайдан асып кеткен. Қытайда дүйсенбіге дейін вируспен ауырғандардың жалпы саны 82 830 болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір