• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:40:58
Алматы
+35°

Ұлыбританияның басқаруында болған кездегі Гонконгтың соңғы губернаторы Лорд Паттен Англия телеарнасы Sky News-ға берген сұхбатында Қытай коммунистік партиясының пандемия саясатына қатысты күрделі сұрақтары бар екенін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

– Бұл біздің Қытаймен немесе Уханьда болып жатқан оқиғаларды ашуға тырысқан керемет батыл дәрігерлермен келіспеушілігіміз емес... Қытай коммунистік партиясының айтқан сөзіне сенуге болмайды... Қытай билігінің індеттің алғашқы сатысында ақпаратты жасырынғанын қытай халқы да біледі, – деді ол. 

Лорд Паттен: "әдейі өтірік айтылды және бұл бәріне белгілі... Қаңтардың аяғында, тіпті Қытай сыртқы істер министрі Австралияның сыртқы істер министріне бұл вирустың емделетінін және алдын алуға болатындығын айтқан... Сонымен бірге сол кезде қытайлықтар Австралиядан медициналық құрал-жабдықтарды жаппай сатып алып жатқан... Қытай коммунистік партиясының ақпараттары әрқашан жасырын болады. Олар тек өзін қорғауға тырысып, вирусты әдейі бақылаудан шығуына мүмкіндік беретінін растайтын көптеген дәлелдер бар" деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір