• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:41:33
Алматы
+35°

Ковид-19 пандемиясы және АҚШ – Қытай арасындағы қайшылықтардың күшеюі салдарынан америка жоғары оқу орындары 15 млрд доллар табысынан  айырылмақ. Бұл туралы Қамшы тілшісі SCMP-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

185-тен астам елге таралған, 2,6 миллионнан астам адам жұқтырған және әлем бойынша 180 000-нан астам адамның өмірін қиған ауру әлемге бұрын-соңды болмаған залал әкелді.

– Шекаралар жабылған, халықаралық сапарлар шектелуде. Америка университеттері үшін Қытай студенттерінің жоғары білімге деген сұранысы 2020-2021 оқу жылында қатты төмендейді, – деп хабарлады АҚШ – Қытай экономикалық және қауіпсіздік сараптамалық комиссиясының сейсенбіде жарияланған пандемияның экономикалық әсерлері туралы конгресстегі баяндамасында.

Есеп Қытайда болатын АҚШ-қа түсу емтихандарының кешігуі немесе күшінен қалдырылуы, жол жүруге белгісіз шектеулер және АҚШ колледждерінің  қашан ашылатыны туралы белгісіздік сияқты көптеген мәселелерді анықтады. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Ал, АҚШ университеттеріне төленетін төлемдердің үштен бір бөлігі шетелдік студенттерден түседі. Америкада оқитын қытай студенттерінен АҚШ университеттеріне жылына 15 миллиард АҚШ доллары табыс түсетін көрінеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АШШ Студент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір