• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:12:50
Алматы
+35°

23 сәуірде  өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен жартылай онлайн форматта мемлекеттік орган басшыларының кездесуі өткізілді. Күн тәртібіндегі басты мәселе –  жемқорлық  тақырыбы.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жеке өздері жауап беретіні жөнінде тағы бір ескертті.

vds

- Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында ең алғаш рет басшылардың жеке жауапкершілігі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер оларға тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға беруі тиіс. Саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік қарастырылған», - деді Мирлан Мұхамбетов

Айта кететін болсақ, өткен жылдың 26 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Заң талабына сәйкес, тікелей бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған болса соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң немесе қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғаннан кейін саяси қызметкер күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға беруі тиіс. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді тағайындаған адамның құзыреті болып табылады.

ваа

Ерекше назар аударатын жағдай, заңнамаға сәйкес бұл нормалардың барлығы 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысты қолданылады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы. Жиын барысында Мирлан Мұхамбетов аталған заң талаптарының бүгінгі күні қалай орындалып жатқандығы жөнінде ақпарат берді. Естеріңізде болса, бұған дейін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының м.а. сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген болатын. Ол жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылып, кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық қамауға алынбаған болатын. Бүгінгі күні қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал Департаменттің ұсынысымен аталған кәсіпорынының республикалық деңгейдегі басшыларының бірі өз қызметінен босатылған.Мұғалжар ауданында әкімшілік хаттама толтырмай, азаматтан 40 мың теңге көлемінде пара алып, істі болған аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі инспекторының да басшылығы өз жазаларын алды. Яғни, аталған оқиға барысында аудандық полиция бөлімі бастығының кадр мәселелері жөніндегі орыбасары мен жергілікті полиция қызметінің бастығы атқарып отырған жұмыс орнынан айрылып қалған. Ал пара алған полицей 1 200 000 теңге көлеміндегі айыппұл жазасына кесілген. Қаңтар айында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының №3 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жұмысқа орналасуға оң сипаттама бердім деп 20 мың теңге сомасында пара алған болатын. Алайда бұл іс Облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздің басқармасының назарынан тыс қалмай, ниеті теріс полицей құрықталған.

Бүгінгі күні полицей сот үкімімен 1 200 000 теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесіліп, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқару құқығынан айрылған. Ал аудандық №3 полиция бөлімінің басшысы қызметінен босатылып, оның орынбасары қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту алған. Бүгінгі күннің өзінде Департаменттің өндірісінде аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша Ақтөбе облысының лауазымдарына қатысты  бірқатар істер бар екен. Нәтижесін уақыт көрсете жатар. Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу, тиімді түрде оның алдын алу мәселелері бойынша атқарушы орган басшыларына ескерту жасады.

Жалпы, республика бойынша Агенттіктің өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша, айыптау үкімдері күшіне енгеннен кейін 11 мемлекеттік саяси басшының отставкасы күтілуде. Елімізде қылмыстық жаупкершілікке тартылған 417 тұлғаның 11-і республикалық деңгейдегі басшылар, 37-сі облыстық деңгейдегі басшылар, ал 35-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір