• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:01:55
Алматы
+35°

Парижде полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс болды.  Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

The Sun газетінің жазуынша, әлеуметтік желілерде көшелердегі хаосты көрсеткен қорқынышты бейнежазбалар таралған.
Тәртіпсіздік коронавирус шектеулерінің жалғасуына наразылық күшейген кезде орын алған. 

Франция полициясы карантин кезінде этникалық азшылықтарға «аяусыз» қарым-қатынаста болды деген айыптаулар да айтылуда.
Тәртіпсіздік 30 жастағы ер адамды Вильню-ла-Гаренн маңында белгісіз полиция көлігімен соғып, ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін басталған.

Бүгін таңертең орын алған тәртіпсіздік кезінде Француз полициясы көзден жас ағызатын газ қолданған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Париж Наразылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір