• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:16:35
Алматы
+35°

3 миллионға жуық адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлем төлеуден бас тартылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсіндірді.

– Біз 3 миллионға жуық адамның өтінішінен бас тарттық. Осыған қатысты да сауалдар түсіп жатқандықтан түсіндіре кетейін. Біріншісі, жеке сәйкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпеген. 12 цифрды жаңылыспай, тиянақты түрде дұрыс көрсеткендеріңіз жөн. Себебі ЖСН-ді тексергенде сіздікі емес, басқа адамдікі болып шығуы мүмкін. Сондықтан мұндай қателерді түзетіп, қайта жіберу керек. 160 мыңдай адам осындай қате жіберген, – деді Б. Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, министр "42 500 теңге алғандар қылмыстық жазаға тартылмайды" деп мәлімдеген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір