• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:05:14
Алматы
+35°

Украиналық белгілі "Орёл и решка" бағдарламасының кезекті түсірілімдерінің біріне Нью-Йоркте тұратын Қазақстан азаматы Данияр Кожан түсті.

Ол Нью-Йорктың пандемия кезіндегі тыныс-тіршілігі, ауруханалардағы жағдай, жалпы эпидемиологиялық ахуал туралы баян еткен.

Данияр Кожан Алматы қаласының тумасы. Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазір Нью-Йоркте "Ballon Stoll Bader" заңгерлік компаниясының пиар-менеджері болып жұмыс істейді.

Оның сөзінше, түсірілімге қатысу ұсынысы "Орёл и решка" бағдарламасы  редакциясының тарапынан болған.

– 12 сәуір күні Instagram парақшама "Орел и Решка" бағдарламасының редакциясынан хабарласты. Олар менің Нью-Йорктегі қызықты жазбаларымды көріпті. Мұндағы жағдай "өте қиын" дегенді естіп, қаланың қазіргі өмірін түсіріп жіберуді сұрады. Түсірілімде Нью-Йорктің танымал көшелерін, дәрігерлердің жұмысын, уақытша құрылған ауруханаларды көрсетуге тырыстым, – дейді Данияр.

Данияр бұған дейін қазақстандық телеарналарда журналист, продюсер болып жұмыс істеген. Өзінің айтуынша, саяхаттағанды бұрыннан жақсы көреді.

– Өзім саяхаттағанды жақсы көремін. Әзірге 15 мемлекетте болдым. Америкаға анам екеуміз келіп, штаттарды аралағанбыз. Осылайша, заңгерлік компаниядан ұсыныс түсіп, пиар-менеджер қызметіне қабылдандым, – деп атап өтті.

Данияр әйгілі боксшы Майк Тайсонмен сұхбаттасқан.

– Өмірімдегі маңызды материалдардың бірі – танымал боксшы Майк Тайсонмен болған эксклюзивті интервью дер едім. "Орел и Решка" бағдарламасын түсіргенде де өзім оператор, өзім монтажер болдым. Оның мәтінін жазуға қазақстандық журналист Анар Үмбетова көмектесті. Қазір Анар да Америкада тұрады. Нью-Йорк туралы шығарылымға өте жақсы лебіздер келіп жатыр. Бағдарламаның бас продюсері Елена Синельникова хабарласып, алғыс білдірді. Енді Нью-Йорк туралы келесі шығарылымды әзілеп жатырмыз. Онда халықтың коронавирус инфекциясынан жазылғанын көрсетерімізге үміттенемін, – дейді Нью-Йоркте жұмыс істейтін Қазақстан азаматы.

Данияр түскен сәт видеоның 4 минутынан басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір