• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:56:40
Алматы
+35°

Төтенше жағдай кезінде халықтың осал тобын қолдау – мемлекеттің басты міндеті.  Осы бағытта Ақтөбе облысында көмекке мұқтаж тұрғындарды әлеуметтік қолдау жоспарлы түрде жүргізіліліп жатыр.

Өңір тұрғындарының 15 санаты бойынша  93221 адамға  1 512,5 млрд.теңгеге  (1 айға)  әлеуметтік көмектер  көрсетілуде.

 Оның ішінде республикалық  бюджет   арқылы  7 санат бойынша 40793 адамға 227,1 млн.теңге көлемінде ай сайын 5567 теңгеден 20 сәуірге дейін аударылуда.

- Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 6-18 жас балаларына,

- бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне,

- мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға;

- Ресми тіркелген жұмыссыздарға.

Жергілікті бюджеттен  8 санат бойынша  44 534 адамға  890,7 млн.теңге көлеміндегі 20 000 теңгеден біржолғы көмек аударылды:

- бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне,

- мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;

-16 жасқа дейінгі мүгедек балаға;

-жалғыз басты жалғыз тұратын зейнеткерлерге;

-әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға (қатерлі ісік, туберкулез, АИТВ ВИЧ),

-күнкөріс деңгейінен (27419 теңге) төмен тұратын аз қамтылған, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған  балалары бар отбасыларына берілді.

"NUR OTAN"   партиясы   "BizBirgemiz" республикалық акциясы аясында тек Ақтөбе қаласының тұрғындарына 7 санат бойынша 50000 теңге біржолғы көмек 7894 адамға 394,7 млн.теңге көлеміндегі төлем аударылды.

Оның ішінде:

- аз қамтылған  отбасылар;

- бірінші топ мүгедектері;

- мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналар;

- ең төменгі, яғни 30 000 теңгеге дейінгі зейнетақы алушылар;

- тұлдыр жетімдер;

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

- 100 жастан асқан қала тұрғындары бар.

Сонымен қатар, Президент жариялаған «Біз біргеміз» акциясын облыстың жеке кәсіпкерлері, меценаттар қызу қолдап, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуде,

Республикада төтенше жағдай басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 2886 отбасына 29,8 млн. теңге көлеміндегі азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, маска және ақшалай көмектер көрсетілді.   

Оның ішінде:

-1169  аз қамтылған отбасына;

- 105 жалғыз басты аналарға;

- 776 көп балалы отбасыларына;

-  449 мүгедектерге;

- 208 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына;

-73 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге,

-2 ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға;

-104 тыл ардагерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне заттай және ақшалай  көмек көрсетілді және  320 000 медициналық бетперде (маска) бөлінді.

Өңірде халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ақтөбе облысында 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді алуға тіркелушілер саны 248 032 адамды құрады.

Оның ішінде:

- тіркелген өтініштер саны – 148 994 адам,

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен (ЕРДО) автоматты түрде қайтарылған өтініштер саны - 99038 адам.

- төлемақы тағайындалып, төленгендер саны – 116 958 адам.

Жалпы, қазіргі кезде 4 млрд. 970 млн. теңге қаражат азаматтардың жеке есеп-шоттарына аударылды.

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алуға азаматтар:

- «Электрондық үкімет» порталы;

- 42500.enbek.kz сайты;

- Telegram-бот арқылы өтініштерін бере алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір