• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:40:09
Алматы
+35°
 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі көктемгі егіс жұмыстарын өткізу қажеттігіне байланысты фермерлерге блокпостардан еш кедергісіз өту мүмкіндігі берілетінін хабарлады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы техникасы мен тауарлық-материалдық заттарды жеткізушілердің еш қиындықсыз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша тиісті алгоритмді дайындады. Облыс әкімдіктері өңір аумағындағы қозғалысқа рұқсатнаманы алудың электрондық порталдарын әзірлеп, іске қосты.

Аталған өтінімге электрондық форматта кәсіпорын басшысы қол қояды. Осы құжат электрондық базаға енгізіліп, автоматты түрде барлық блокпостарға жеткізіледі, сондай-ақ блокпостардан өтуге рұқсат етіледі. Көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы таураларын өндірушілер үшін "жасыл дәліз" қағидаты бойынша жеңілдетілген бөлек тәртіпті бекітуді ұсынамыз" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: блокпост фермерлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір