• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:40:01
Алматы
+35°

Елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып «Алматы – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауруханалардың COVID-19 вирусымен күресуге дайындығының жай-күйіне мониторинг жасады, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгін қызметкерлер 7-ші қалалық клиникалық ауруханада болды.

Мониторинг маскалар, жеке қорғаныс құралдары, дезинфекция, халаттар, респираторлар және аурухананың жалпы вируспен күресуге дайындығына қатысты жүргізілді.

Сондай-ақ елде эпидемияның көп таралу кезеңі және әлеуметтік наразылыққа байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері медициналық қызметкерлердің жағдайы туралы, аурухананың жабдықталуы бойынша әңгіме өткізді.

Коронавирустың негізгі асқынуы – пневмония және өкпе фиброзы. Ауыр науқастарды құтқару үшін тек реаниматолог қана емес, сонымен бірге арнайы жабдықталған аурухана төсегі де қажет: Ең алдымен өкпе желдеткіш аппараттары (өкпені механикалық желдету) және экстракорпоралды мембрана оттегісі.

Дәрігерлер ауыр науқастарды интубациялау кезінде ерекше қауіпке ие науқасты механикалық желдетуге ауыстыру кезінде пациенттермен тығыз байланыста болады.

а

Әңгіме барысында Департаменттің және «Алматы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері аурухана мамандардың жеткілікті біліктілігіне, коронавирустық инфекцияны жеңуге деген жеке ниеттестігі мен адалдығына сенімді болды. Барлық медицина қызметкерлері адам денсаулығы үшін күресте өздерінің жауапкершіліктерін түсінеді.

– Аурухана әкімшілігі пациенттерге тиімді көмек көрсету үшін аурухана қызметкерлерлеріне қауіпсіз жұмыс орнын жасау – басты бағыттарының бірі екенін мойындау керек. Коронавирустық инфекциямен сәтті күресте медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін сапалы және адал атқаруын ауруханаға келіп көру белгілі бір оптимизмді оятты, – деп мониторинг нәтижелерімен Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары бөлісті.

– Мұндай мониторинг тұрақты негізде жүргізілетін болады. Біз аурухана дәрігерлері қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғанын көріп отырмыз. Бұл оңай жұмыс емес екенін білеміз. Қызметкерлер  күн сайын  өз жұмыстарын атқаруда. Сондықтан елдегі қазіргі жағдайға байланысты біз барлық азаматтардан үйде болуын сұраймыз, – деді «Алматы – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Александр Братенков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір