• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:32:00
Алматы
+35°

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов сәуір айынан бастап алматылық 589 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақы берілетінін мәлімдеді.

Спикер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының, Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібінің ерекшеліктерін түсіндіріп берді.

– Өздеріңіз білетіндей, Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызмет сырттай жүргізіледі, – деді А. Нарматов.

Ол "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізетінін атап өтті.

Айдынжан Жаңабердіұлының айтуынша, қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады екен.

– Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді, – департамент басшысы.

Сонымен қатар департамент басшысы 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап алынған соманың 5%-ына артадытынын атап өтті.

– Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты бірінші сәуірден бастап өсетін болады, – деп Айдынжан Нарматов сөзін қорытындылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір