• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:38:51
Алматы
+35°

Соңғы дерекке сай, елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 жағдай тіркелді. Оның 4-еуі Атырау облысында, 3-еуі Қызылорда облысында анықталған. Қазақстан бойынша коронавирус анықталған науқастар саны 704-ке жетті. 51 адам сырқаттан жазылып шықса, 6 адам ажал құшқан.

Жаңа тіркелген жағдайлар туралы денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысында ауру жұқтырғандардың үшеуі де Сырдария ауданында тіркелген. 

Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Атырау облысындағы 4 жағдайдың 3-еуі Атырау қаласында, 1-еуі Жылыой ауданында анықталып отыр. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Әлем бойынша коронавирус індеті 1 млн 426 мың 609 адамды шарпыды. Соңғы тәулікте 78 мың 933 жаңа жағдай тіркелген. Оның ішінде 301 мың 828 адам аурудан айығып шықса, 81 мың 995 адам көз жұмған.

Вирустың таралуы өршіп тұрған үш елдегі жағдай төмендегідей:

АҚШ

Шалдыққандар – 396 224 (+28 144)
Жазылып шыққандар – 21 763 (+1 935)
Қайтыс болғандар – 12 844 (+1 921)

Испания

Шалдыққандар – 141 942 (+5 267)
Жазылып шыққандар – 43 208 (+2 771)
Қайтыс болғандар – 14 045 (+704)

Италия
Шалдыққандар – 135 586 (+3 039)
Жазылып шыққандар – 24 392 (+2 555)
Қайтыс болғандар – 17 127 (+604)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір