• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:32:54
Алматы
+35°

Алматы қаласына блокбекеттер арқылы кіру/шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб Алматы қаласынан/қаласына денсаулығына байланысты өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ және шұғыл түрде емделуге бағытталған азаматтарға және оларды алып жүретін адамдардың қозғалысына (жүріп-тұруына) рұқсат ететін шешім қабылдады. Мұндай рұқсат медициналық мекеменің хат түріндегі жолдамасы болған жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға берілген және олар бір автокөлікпен жүрулері тиіс" делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Аталаған шаралар созылмалы ауруларды емдеуде, жоспарлы операцияларды жасауда дер кезінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір