• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:18:27
Алматы
+35°

Алматыда Covid-19 инфекциясын жеңген тағы 6 науқас жазылып шықты. Олардың бесеуі – әйел болса, біреуі – ер адам. Олардың бәрі ауруханадан шыққан соң бірден 14-күндік үй карантиніне көшірілді, деп жазады әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, аурудан жазылып шыққан екі науқас 16 наурыз күні Стамбұлдан келсе, екі адам 10 наурыз күні Мәскеу – Алматы бағытымен ұшып келген. Тағы біреуі 13 наурыз күні Берлиннен келсе, енді бір адам осы инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған.

Сонымен қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емделіп, жазылып шыққандардың жалпы саны Алматыда – 19 адам.

Ескерте кетейік, бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 науқас жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны (әйел адам).

Жалпы алғанда, провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар, олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір