• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:02
Алматы
+35°

Қазақстанда коронавирусты тағы 25 адам жұқтырып, бір адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандар саны 5-ке жетіп отыр. Вирус анықталғандардың жалпы саны –  525.

Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам Ақмола облысы Целиноград ауданының тумасы.

ҚазАқпараттың жазуынша, 1 наурызда науқастың жағдайы нашарлап, тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалған. Науқас дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған. 

–  2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда, –  Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов.

 

Қолда бар дерек бойынша елдегі коронавирустық жағдай төмендегідей.

Нұр-Сұлтан қаласы – 216
Алматы қаласы – 110
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 20
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 22
Шығыс Қазақстан облысы – 4
Жамбыл облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 27
Қостанай облысы – 1
Қызылорда облысы – 28
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 23
Қазақстан бойынша барлығы 525 жағдай.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір