• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:03:22
Алматы
+35°

Қамшы тілшісінің материалында 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді алуға өтінім жіберу жолдарының әр қадамы түсіндіріледі.

Бүгінде өтінімді egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы жіберуге болады.

ЖШС (ТОО) жетекшілері, жеке кәсіпкер (ИП) немесе жеке кәсіпкер жұмысшылары, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (таксист, даяшы, фрилансер, құрылысшы, дәнекерлеуші, саудагер, жүк тасушы және т.б.) өтінімді еgov.kz порталы арқылы жіберуі керек.

ЖШС мен акционерлік қоғам қызметкері және заңды тұлғалар өтінімді тапсыру үшін 42500.enbek.kz сайтын қолдануға тиіс. Өтінім жасау үшін жұмыс берушінің БИН номерін білу қажет.

Жұмысшы ретінде ресми тіркелмеген такси жүргізушісі, құрылысшы, күзетші секілді өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өтінім жіберместен бұрын бірыңғай жиынтық төлемді өтеуі керек. Оны Халық банк, Форте банк, Жусан банк, Сбербанк, БЦК, Каспи секілді банктердің мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады. Қалалықтар 2651 теңге, ауыл тұрғындары 1325 теңге төлеуге тиіс. Төменде тұрғындар арасында кең кездесетін kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеу жолы түсіндірілген.

1-қадам – kaspi.kz қосымшасындағы "платежи" батырмасын басу

а

2-қадам – "штрафы и платежи в бюджет" батырмасын басу

а

3-қадам – "Отчисление для самозанятых" батырмасын басу

а

4-қадам – "Единый совокупный платеж"" батырмасын басу

а

5-қадам – бос орынды толтыру. Қала немесе ауылды бірыңғай жиынтық төлемді өтеуші адам қайда тұратынына қарай таңдайды. Төлеу мерзіміне өткен айлар таңдалмайды. Ағымдағы сәуір айы таңдалады.

а

Артынша "продолжить" түймесін басып, төлем жасалады. Соңында тағы бір рет "продолжить" батырмасы басылады.

п

Төлемді сондай-ақ СМС арқылы қала тұрғындары латын әріптерімен «gorod ESP» деп қасына ЖСН-ды жазып, ауыл тұрғындары «selo ESP» деп жанына ЖСН қоса жазып 5505 нөміріне хабарлама етіп жіберу арқылы жасаса болады. Төлем құн бірлікпен алынатындықтан телефон номерінде төлем сомасына жетерлік бірлік болуға тиіс.

Төлем жасалған соң бір күннен кейін 42500 теңгеге өтінім қалдыруға болады.

ЖШС (ТОО) жетекшілері, жеке кәсіпкер (ИП) немесе жеке кәсіпкер жұмысшылары, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (таксист, даяшы, фрилансер, құрылысшы, дәнекерлеуші, саудагер, жүк тасушы және т.б.) өтінімді еgov.kz порталы арқылы жіберуі үшін алдымен google іздеу жүйесіне еgov.kz деп жазуы керек.

а

Келесі қадам – іздеу жүйесінен шыққан сайтқа кіру.

а

Ашылған терезенің сол жақ орта тұсындағы "Төтенше жағдай кезінде 42500 теңге төлеу" батырмасын басу керек.

а

Ашылған "порталға кіру" терезесіндегі "Бір жолғы жасырын сөз" батырмасын басып, ЖСН мен телефон номерді теру қажет.

а

Телефонға келген кодты "Кодты енгізіңіз" деген жерге теріп, "жүйеге кіру" батырмасын басу қажет.

а

Жүйеге кіргенде қайтадан порталдың басты беті шығады. Ары қарай "Төтенше жағдай кезінде 42500 теңге төлеу" батырмасын қайта таңдау керек.

а

Мұнан соң төмендегідей терезе ашылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар "самозанятый" деген жазудың тұсындағы төртбұрыштың үстін басуға тиіс. Ары қарай "адрес электронной почты" деген жерден бастап толтырылып, соңында төменгі жақтағы төртбұрыш басылады. "Номер счета" дегенге карточка номері емес, карточканы ашқанда беретін 20 цифрлық "KZ" деп басталатын шот номері жазылады. Оны мобильдік қосымшаның "реквизиты" деген тұсынан білуге болады. Немесе карточка ашқандағы құжатта жазылады.

Өтінім қабылданғанда төмендегідей терезе ашылады. Жіберілген өтінімнің қаралу уақыты – 3 жұмыс күні.

а

ЖШС мен акционерлік қоғам қызметкері және заңды тұлғалар өтінімді тапсыру үшін 42500.enbek.kz сайтын қолдану үшін әдеттегі әдіс бойынша google іздеу жүйесіне сайт аты – 42500.enbek.kz деп жазады.

 а

Сайтқа кірген соң "ТЖ-ға байланысты табысымнан айырылғаным себепті 42500 теңгелік жәрдемақы алуға өтінім" деген категорияның төменгі тұсындағы "Өтінім беру" батырмасын басу керек.

а

 

Пайда болған терезедегі бос орындарды тиісті деректермен толтырып болған соң "өтінім беру" батырмасы басылады.

а

Жүйе телефон нөмірін сұрайды. Көрсетілген номерге SMS арқылы код келген соң, оны енгізіп, өтінішті жіберу ғана қалады.

Ескерте кетерлік жайт, порталда шамадан тыс көп адам отырса, портал жұмысы баяу істеуі немесе тіпті қатып қалуы мүмкін. Орта жолда өшіп қалуы да ғажап емес.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір