• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:36:57
Алматы
+35°

Бүгін, 2 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулы шығарды. Тоқаевтың қаулысын Ақорда сайты жариялады. 

Президент қаулысында әскери міндеттілердің арнаулы жиындарға шақыртылуы себебі Қазақстан қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін деп түсіндірілген. 

"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін" делінген Ақорда жариялаған президент қаулысында. 

Президент қаулысында арнаулы жиындар не себепті өтетіні айтылмаған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір