• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:43:01
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында жұмыспен қамту үшін 33 млрд. теңге бөлінді.

Ақтөбе облысында төтенше жағдай уақытында жұмыспен қамтудың Жол картасы үшін республикалық бюджеттен 33 млрд теңге бөлінді. Бүл туралы облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім болды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысқан облыстық мәслихат отырысында әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін 5 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарын салу және қайтадан жаңарту үшін 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Облыстағы автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, күрделі жөндеуден өткізу үшін 20 млрд бөлінеді. Оның ішінде Ақтөбе қаласының жолдарына 14 млрдқа жуық қаржы анықталды. Бұл жұмыстардың барлығы 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы аясында жүзеге асады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір