• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 15:21:51
Алматы
+8°

Reuters: Қытай билігі азаматтарының мысық пен ит етін жеуіне тыйым салмақ.

Коронавирус пандемиясы пайда болғаннан бері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жабайы жануарлар саудасын азаюту мақсатында қала тұрғындарының ит мен мысық етін жеуіне тыйым салынбақ.

Ғалымдар коронавирус адамдарға жануарлардан жұққан деп күдіктенеді. Алғашқы коронавирус Ухань қаласындағы жабайы жануарлар базарына барған адамдардан табылған болатын. Ол базарда жылан, цивиан және басқа да жануарлардың еті сатылған.

Шэньчжэнь қаласы билігі жариялаған осындай шектеуден кейін, қала тұрғындары арасында наразылық туған. Алайда, бұл бастаманы жануарларды қорғау топтары қолдады.

Қытай билігі иттер мен мысықтарды жеуге тыйым салатын заң 1 мамырдан бастап күшіне енетіндігін мәлімдеді.

CNBC: Трамп Қытай статистикасына сенімсіздік білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Қытайдың коронавирус бойынша статистикасы «төмендетіліп көрсетілген» деп мәлімдеді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі де Пекиннің сандарының дұрыстығын білу мүмкін емес деп айтты.

Республикалықтар партиясы жағынан Пекиннің деректеріне күмән келтіргеннен кейін осындай күдіктер айтылған. Bloomberg News АҚШ барлау қызметінің ақпараттары бойынша Қытайдың өлім-жітім статистикасы сенімсіз екенін жазды.

CNN: Италияда қарттар үйіндегі қарттардың үштен бірінен астамы коронавирустан қаза тапқан.

Италияның Милан қаласы маңындағы қарттар үйіндегі егде жастағы азаматтардың үштен бірінен астамы коронавирус пандемиясының алғашқы бір айының ішінде көз жұмды.

Сара Арагно сәрсенбіде CNN-ге берген сұхбатында наурыздың басынан бері Медиглия муниципалитетінде орналасқан Borromea Residence-тегі 150 тұрғынның 63-і қаза тапқанын айтты.

Қарттарды аман алып қалу аса қиынға соғуда.

– Егде жастағы адамдардың өлім салыстырмасы жоғары, коронавирустан көз жұмғандардың 80%-дан астамы 70 жастан асқандар, – деген Италия Денсаулық сақтау Жоғары кеңесінің басшысы Франко Локателли конференцияда.

The New York Times: Көктемгі серуенге шыққан 70 студенттің 44-і коронавирус жұқтырған

Нью Йорк Таймс АҚШ-тың Техас штатында көктемгі серуенге шыққан 70 студенттің 44-і коронавирус жұқтырғанын жазды.

Остиндегі Техас университетінің 70-ке жуық студенті Мексикада көктемгі демалысын өткізген. Артынша олардың арасындағы 44 студенттен коронавирус анықталған.

Қазір студенттер оқшауланған. Студенттердің көпшілігі бақылауда, деп хабарлады университет басшылары.

70 студенттен құралған топ Остин әуежайынан 14 наурызда Мексикаға демалу үшін жолға шыққан және олардың көпшілігі 19 наурызда оралған. Сапарды JusCollege атты компания ұйымдастырған.

The Guardian: Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады.

Ал, The Guardian басылымының жазуынша, қазірге дейін әлем бойынша миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған. Пандемия бүкіл әлемде 937 170-тан астам адамға жұғып, олардың 50 мыңға жуығы қаза тапқан.

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір