• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:11:19
Алматы
+35°
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салықтық ынталандыру мен жеңілдіктер туралы баяндады, деп жазады primeminister.kz.

Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілерін жылдың соңына дейін мүлік салығынан босату орнатылды.

– Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды, – деді Р. Дәленов.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 30 наурыздан 1 қазанға дейінгі кезеңге 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға биылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылған.

Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиды.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтыйды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір