• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:43:49
Алматы
+35°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын атады.

– Азық-түлік топтамасын алу мүмкіндігі кімге беріледі? Оны атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасындағы барлық бала алады. Барлық топ бойынша мүгедектер (елімізде 695 мың) де, мүгедек баланы қарап отырған ата-ана, ресми түрде тіркелген жұмыссыз адамдар да азық-түлік топтамасына ие болады. Қазақстанда айына шамамен 1,5 млн адамға азық-түлік топтамасы беріледі. Оны іс жүзіне жергілікті әкімдер іске асырады, – деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, министр елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайт ашылатынын мәлімдеген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір