• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:51:18
Алматы
+35°

2020 жылдың 21 ақпанында жойылып бара жатқан ақбөкенді қорғауды тапсырған мемлекеттік инспекторды өлтірген браконьерлер сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Орта Азия халқын дүр сілкіндірген аталмыш жағдайда браконьерлер тобы өткен жылдың қаңтарында кезекшілікте тұрған екі инспекторға шабуыл жасаған болатын. Инспекторлардың бірі, 52 жастағы Ерлан Нұрғалиев жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Оның өлімі әлемдегі ақбөкендердің саны ең көп мекендейтін Қазақстандағы браконьерліктің ауқымын көрсетті. Өткен жылдың шілде айында браконьерлерді ұстау кезінде тағы бір инспекторды атып өлтірген.

Шабуылдан кейін жеті браконьер ұсталып, оларға айып тағылды. Қарағанды қаласының орталық соты олардың үшеуін кісі өлтіру әрекеті және заңсыз аң аулау әрекеттері үшін айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қалған төрт адам заңсыз аң аулағаны үшін әрқайсысы алты жылға сотталды. Қайтыс болған инспектордың ұлының адвокаты Алмат Қасқырбай «қатал» үкімді құптады, бірақ мемлекет инспекторларды қорғау үшін, оның ішінде оларды тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасауы керек деп мәлімдеген еді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлік заңбұзушылықтарға қатысты жайттарды ретке келтіретіндігін айтып, оны «ұйымдасқан қылмыстың өте қауіпті түрі» деп атады. «Браконьерлер жақсы жабдықталған, қаруланған және жазасыз әрекет етеді», – деді Тоқаев өткен қыркүйек айындағы халыққа жолдауында. 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Дәл сол кезде Президент зорлық-зомбылық пен браконьерлік үшін жазаны қатайтуды тапсырды. Сондай-ақ «браконьерліктің күшейе түскендігіне» деп президент құқық қорғау органдарының жұмысын сынға алып, заңсыз аң аулауға көз жұмды деп те айыптады.

Қазақстан браконьерлік үшін жазаны күшейтті. Енді Қызыл кітаптағы жануарларды өлтіргені үшін құқық бұзушылар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 50 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін. Қылмыстық кодексте жаңа түзетулердің енгізілуімен заңсыз аң аулау, балық аулау және орман ағаштарын кескені үшін қатаң санкциялар қарастырылған.

«Жануарларды заңсыз аулауға және өсімдіктер әлемін заңсыз өңдеуге қатысты баптар жаңа квалификациялық белгілерімен толықтырылды, мәселен, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға адамдар тобы ретінде алдын-ала ұйымдастырылған қастандық белгілерін атауға болады. Бұрын жасалған аталмыш қылмыстық белгілер онша ауыр емес қылмыстар ретінде қарастырылған. Енді Қылмыстық кодекстің осы баптарына сәйкес квалификациялық белгілер ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды» деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Заңға енгізілген жаңа түзетулер мемлекеттік инспекторларға қызметтік қаруды, мысалы, тапанша немесе карабин сияқты қару-жарақ алып жүруге және өміріне қауіп төнген жағдайда қолдануға құқық береді. Сонымен қатар, «Охотзопром» қызметкерлерінің көліктеріне ерекше жарық және дыбыстық сигналдар қойылып, жетілдірілетін болады.

«Жабдықтардың жаңа нормативтер жасалды. Біздің транспорт, технологиямыз браконьерлердің құрал-жабдықтарынан әлдеқайда төмен екені жасырын емес, сондықтан бізге заманауи құралдар қажет. Біз осы нормативтерді әзірледік. Жабдықтардың жаңа нормативтері ұшқышсыз ұшатын аппараттар, кеудеге арналған камералар, бейнетіркеуіш енгізілген автомобильдер болады деп ұйғарды. Сондай-ақ, ол травматикалық қаруды, жол талғамайтын көлік, батпақта жүретін техникаларды да қарастырады» дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімінің бастығы Айтуар Туғанбеков.

Ақбөкендерді атып өлтірген 80 браконьер Ішкі істер министрлігінің арнайы есебіне алынды. Бұл құқық бұзушыларды тез анықтап, оларды рецидивке тексеруге мүмкіндік береді. Былтырғы жылда полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында 2 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде мыңнан астамы заңсыз аң аулауға байланысты.

Сонымен қатар, енді экологиялық заң бұзушылықтар үшін мүлік тәркіленіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бес жылға елден шығарылады. Браконьерлік үшін ең жоғары жаза 5 жылдан 12 жылға дейін ұзартылды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, ауылшаруашылық мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулер аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы кеңейтілді. Қылмысты анықтайтын белгілер көбейді – олардың ішінде, заңсыз аң аулау әрекеті де бар.

«Бұрын бұл бап бойынша аң аулау жарылғыш құрылғыларды және жануарларды, ұшақтарды, автомобильдерді, автокөлік құралдарын жою сияқты басқа құралдарды қолданған кезде ғана жауапқа тартылатын еді, ал енді осы белгілерге атыс қаруы мен пневматикалық қару, лақтыру, суық қару және басқа да қару түрлері, иттер мен аң аулайтын жыртқыш құстар қосылды» деді Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы тағы толықтырылды, оған сәйкес браконьерлер ақбөкен дериваттары мен бекіре түрлерінің заңсыз айналымы үшін жауапқа тартылады. Енді жауапкершілікті ауырлататын жаңа заңбұзушылық белгілері пайда болды. Олардың ішінде:

  • бірнеше рет браконьерлік әрекет;
  • адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы әрекет жасасуы;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әрекет жасау;
  • қызметтік жағдайын пайдаланып адамның әрекет жасауы;
  • үлкен немесе аса үлкен мөлшерде зиян келтіру.

Сонымен бірге, браконьерлікке қарсы күрес туралы заңнама бойынша жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Қазір Парламент Мәжілісі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарастыруда. Онда заңсыз аң аулау мен балық аулауды қылмыстық құқық бұзушылық санатынан қылмыс санатына ауыстыру ұсынылды. Бұл заң бұзушыларды үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді. Қазіргі ең ұзақ жаза – 40 күн қамауға алу.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлерге қарсы жазаны қатаңдатуды 2019 жылдың шілдесінде тапсырған болатын. Бұл «Охотзопромның» инспекторы Қаныш Нұртазиновті браконьерлер атып өлтіргеннен кейін қолға алынған еді.

«Жақында болған қайғылы оқиғалар браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың ең қауіпті түрі ретінде көрсетті. Бір жылда екі жабайы табиғат инспекторы олардың қолынан қаза тапты. Былтыр Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл көлінде браконьерлер тобының қылмыстық әрекеті орын алды. Бұл тек оқшау жағдайлар, бірақ браконьерлік қылмыстар терең тамыр алып барады, оның ішінде құқық қорғау органдарының салғырттығы да бар. Олар біздің ұлттық байлығымызды құртып жатыр. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын» деді ҚР Президенті.

Жақында Қазақстанда ақбөкен мүйіздерін сатып алуға арналған 19 сайт бұғатталды. Ең танымалдары кілт сөздермен жабылған, бірақ егер сіз ақбөкен мүйіздерін сатып алғыңыз келіп, сатушыны тапқыңыз келсе – бұл қиын дүние емес.

Экологиялық заңнамаға және Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы жаңа заң сонымен бірге браконьерлер мен қайталама құқық бұзушылар туралы бірыңғай мәліметтер базасын құруды және бір инспекторға шаққанда 2,5 миллион га алқапты қысқартуды да қарастырады. «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны орталық аймақтық филиалының басшысы Ерлан Абдрахмановтың айтуынша, құжатта инспекторлардың жалақысын көтеру және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту да қарастырылған.

«Қазір олардың жалақысы 50-60 мың теңге (112-134 доллар). Оған қоса, олар браконьерлер төлейтін айыппұлдың 30 пайызын ынталандыру түрінде алатын болады. Бұл олар үшін ынталандыру болады, өйткені қазір инспектор болып жұмыс істеуге көп адам келісе бермейді», - дейді Абдрахманов.

Сонымен қатар, депутаттар барлық ақбөкендер шоғырланатын зоологиялық парк құруды ұсынады. Ондай парк Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылының маңында пайда болуы мүмкін.

Браконьерлікпен күресті күшейтудің заңнамалық шаралары қорғалатын жануарлардың санын көбейтуге, балық қорлары мен өсімдіктерді сақтауға, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін нығайтуға көмектеседі деген сенім бар.

Қайырбек Әнуар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір