• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:55:07
Алматы
+35°

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов коронавирус жұқтырған 8 кісі бір үйдің адамдары екенін айтты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді, – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері. Олар 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі 14 жасқа дейінгі бала екенін атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір