• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:55:26
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мегаполистегі жағдайға байланысты брифинг өткізді.

– Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 82 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жеті адам стационарда емделіп, 14 күндік үй карантиніне шықты. Олардың қатарында төрт ер адам, екі әйел және бір бала бар, – деді Т. Әбілдаев.

Бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 76 науқас коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 2-і бала бар.

Т. Әбілдаевтің айтуынша, емдеуге жатқызылғандардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 1971 жылы туған азаматша ЖРВИ белгілерімен жағдайы нашарлап, Алматыдағы көпбейінді клиникалық ауруханасына жүгінген.

– Оған белгілі бір зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде екіжақты төменгі дәрежелі пневмония анықталды. Сондай-ақ COVID 2019-ға талдаулар алынып, нәтижесі расталды. 30-ы күні ол біздің қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды, – деді Т.Әбілдаев .

Бүгінде 66 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Бір ересек науқастың жай-күйі ауыр жағдайда қалып отыр. Ал 9 ересек адамның дәрежесі орташа (1 облыстық) деп бағаланып отыр.

– Екі жасар баланың жай-күйі жақсарып, қанағаттанарлық жағдайға жетті. Бүгін соңғы талдауларын күтіп отырмыз. Егер талдауы теріс нәтиже берсе, онда ауруханадан шығаруға дайынбыз, –  деді ол.

Ал жаңадан анықталған тоғыз адамның барлығы басқа жақтан келген адамдар. 30 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен бес адам ұшып келді. Алтыншы науқас 29 наурыз күні Минск – Алматы рейсімен және осы айдың әр күндерінде Дубайдан тағы үш адам ұшып келген екен.

Бүгінде провизорлық орталықтарда 697 адам карантинде жатыр. Оның ішінде – 84 бала бар. Екі күндік карантинде 1029 азамат және 3156 адам үй карантинінде жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір