• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:44:57
Алматы
+35°

Коронавируспен ауырып реанимацияда болған солтүстікирландиялық азамат бейнеүндеу жолдады, деп жазады currenttime.tv

– Мен осы апта бойы коронавируспен күрестім. Маған "Ульстер" ауруханасының реаниматологтары көмектесіп жатыр. Бұл коронавирус өте қауіпті. Ол сізді өлтіргісі келеді. Сіз тыныс ала алмай қалатындай  өкпеңіздегі өмірді суырып алғысы келеді. Мен осы уақытқа дейін тірі жүргенім үшін барлығына шексіз алғысымды айтамын.  Бұның сізге қатысы жоқ деп немесе коронавиустың белгілерін жай ғана жөтел, суық тию деп ойламаңыз, – деді ирландиялық науқас.

Ол осы бейнежазбасы арқылы адамдарға үйден шықпауға кеңес беріп,  індеттің таралмауына кішкене болса да өздерінің үлесін осылай қосуға шақырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір