• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:02:10
Алматы
+35°

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың барлық займдар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеуді тоқтата тұру қажеттігін айтты.

– Төтенше жағдай қолданысы кезеңінде бұған дейін қабылданған айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйыммен қатар халықтың барлық займдары бойынша негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Банктерден толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастық күтемін, – деді Тоқаев.

Президент азаматтар банктік емес ұйымдарға, ломбардтарға, онлайн кредиторларға, микроқаржылық ұйымдарға кепілсіз несие алу үшін жүгінген жағдайларда заңнаманың сақталуы қажеттігін атап өтті.

– Азаматтарды алдауға жол беруге болмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Бас прокуратураға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңнаманың сақталуын тексеру бойынша ауқымды акция жүргізуге және заң бұзушыларды жария түрде жазалап, мұны БАҚ пен әлеуметтік желілерде барынша көрсетуді тапсырамын. Бұл қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу үшін қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз!
♦ Төтенше жағдай: Табысынан айырылғандарға жәрдемақы, вируспен күрескендерге сыйақы беріледі

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір