• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:49:00
Алматы
+35°

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

"Ардақты ағайын! Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз құтты болсын!

Көгілдір көктеммен бірге барша дүниені жаңғыртып-жасандырып, тіршілікті түлетіп-түрлендіріп келген Наурыз – барша берекенің бастауы, ырыстың алды, ынтымақтың ұйытқысы. Күн мен түн теңелген, барша жұрт баққа кенелген мамыражай шақ. Сондықтан да бұл күнді халқымыз бар мерекенің ұлығы, игілікті істің ірісі санап, Ұлыстың ұлы күні деп әспеттеген. Өткенге салауат айтып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріскен. Келер күнге үмітін жалғап, жоба-жоспарларын түзіскен.

Баршаға белгілі, еліміз үшін биылғы жыл басы оңай болмай тұр. Әлем жұртшылығын шарпыған қатерлі індет дүниені дүрбелеңге салуда. Осыған орай Елбасы бір ай бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, сын-қатерлердің алдын алуға дайын болуды қадап тұрып тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уақтылы шешім қабылдап, індеттің таралмауы үшін тиісті сақтық шараларын күшейтті. Қазір бар жағдай мемлекет бақылауында, тиісті ресурстар жеткілікті. Мұқалмас жігері мен ауызбіршілігінің арқасында халқымыз тағдырдың талай қиын-қыстау кезеңдері мен сындарлы сәттерінен сүрінбей өткенін білеміз. Жұдырықтай жұмылып, бірлігіміз бен парасаттылығымызды танытсақ, бұл өткінші қиындықты да еңсереміз.

Баршаңызды осынау береке мен бірлік, теңдік пен кеңдік, даму мен өркендеу күнімен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа амандық, сарқылмас құт-қазына, мол ырыздық тілеймін. Қабырғалы қалың еліміз, айбынды жұртымыз аман болсын. Жаратқан әрдайым жар болып, төтеннен келер кесірден сақтасын.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!" деп жазды Байбек Instagram парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Ардақты ағайын! Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз құтты болсын! ⠀ Наурыз – барша берекенің бастауы, ырыстың алды, ынтымақтың ұйытқысы. Сондықтан да бұл күнді халқымыз бар мерекенің ұлығы, игілікті істің ірісі санап, Ұлыстың ұлы күні деп әспеттеген. Өткенге салауат айтып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріскен. Келер күнге үмітін жалғап, жоба-жоспарларын түзіскен. ⠀ Баршаға белгілі, еліміз үшін биылғы жыл басы оңай болмай тұр. Әлем жұртшылығын шарпыған қатерлі індет дүниені дүрбелеңге салуда. Осыған орай Елбасы бір ай бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, сын-қатерлердің алдын алуға дайын болуды қадап тұрып тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уақтылы шешім қабылдап, індеттің таралмауы үшін тиісті сақтық шараларын күшейтті. Қазір бар жағдай мемлекет бақылауында, тиісті ресурстар жеткілікті. Мұқалмас жігері мен ауызбіршілігінің арқасында халқымыз тағдырдың талай қиын-қыстау кезеңдері мен сындарлы сәттерінен сүрінбей өткенін білеміз. Жұдырықтай жұмылып, бірлігіміз бен парасаттылығымызды танытсақ, бұл өткінші қиындықты да еңсереміз. ⠀ Баршаңызды осынау береке мен бірлік, теңдік пен кеңдік, даму мен өркендеу күнімен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа амандық, сарқылмас құт-қазына, мол ырыздық тілеймін. ⠀ Ұлыс оң, ақ мол болсын! ⠀ *** ⠀ Дорогие казахстанцы! От чистого сердца поздравляю с весенним праздником Наурыз мейрамы! Этот светлый праздник, являющийся вестником добра и знаменующий собой начало новой жизни, объединяет всех казахстанцев. Наурыз – символ единства и дружбы нашего многонационального народа. ⠀ К сожалению, в этом году мы встречаем Наурыз в непростой и сложный период. Весь мир охватила пандемия коронавируса, унесшая жизни тысяч людей по всему миру. Благодаря решительным мерам государства сегодня в Казахстане не допущено бесконтрольное распространение вируса. Именно сейчас, как никогда, мы должны проявить свою солидарность и ответственность за безопасность и благополучие наших близких. ⠀ Желаю каждой казахстанской семье счастья, здоровья, процветания и благополучия. Я уверен, что наш народ выйдет из этих испытаний еще более сильным и сплоченным.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір