21 Наурыз, 2020 Саясат
Коронавирус: Қытай Қазақстанға әлеуметтік көмек жіберді
Коронавирус дертінің Қазақстанда тез тарала бастауына байланысты Қытай үкіметі Қазақстанға гуманитарлық көмек ұсынды. Дәлірек айтқанда, медициналық қорғаныс құралдары елордада «СК-Фармация» өкілдеріне берілген.
Фото: twitter.com/ChinaEmbKazakh
Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі
Белгілі болғандай, көмекті табыстау Қытайдың құрылыс банкінің астаналық филиалында өткен.
– 20 наурыз күні Қытайдың құрылыс банкінің астаналық филиалында COVID-19-бен күрес бойынша екіжақты серіктестік аясында Қытайдың гуманитарлық көмегі (маска, көзілдірік, қолғаптар) «СК-Фармация» ЖШС өкілдеріне табысталды. Бекем болыңыздар, қазақстандықтар!, – деп жазылған хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір