• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:10:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз дәріханаларын дезинфекциялық құралдармен және медициналық маскалармен қаншалықты қамтамасыз етілгенін тексерді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

– Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тексеріп, қаладағы бірнеше дәріханаларда болды. Дезинфекциялық құралдар мен медициналық маскалар бар, бірақ олардың құны негізсіз жоғары, – деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Облыстың денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, аймақта коронавирустың жаңа модификациясының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шаралары күшейтілуде.

Сондай-ақ облыстық балалар жұқпалы аурулар емханасында жұқпалы аурулар бөлімінде науқастарды қабылдау және госпитализациялау үшін 500-ден астам төсек дайындалды, қосымша 300-ден астам төсек орналастырылады. Барлық медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен, вирусқа қарсы препараттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Дәрігерлерге белгісіз пневмонияның диагностикасы, емі және алдын-алу бойынша консультациялық семинарлар өткізілді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір