• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:01:55
Алматы
+35°

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған комитеттің мәліметінше, коронавирус жұқтырған 4 қазақстандықпен байланыста болған адамдар анықталып, қазір қатаң бақылауға алынған.

«Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 13 наурызда қазақстандық төрт азаматтан өткір індет белгісі анықталған. Оның үшеуі Алматыға Германиядан ұшып келген жолаушыдан байқалса, келесі біреуі Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген азаматтан шығып отыр.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір