• USD 413.12
  • EUR 452.86
  • RUB 5.82
  • CNY 57.92

13 Наурыз, 2020 NEWS

Президент жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Фото: Ақорда сайты

Президенттің баспасөз хатшысы мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметінің хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Әрине, коронавирустың әлемге таралуы жағдайы Мемлекет басшысының жұмыс кестесіне де әсер етті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, пандемияға қарсы алдын-алу шаралары аясында Президенттің қатысуы жоспарланған бірқатар шаралар тоқтатылды. Оның ішінде Наурызды тойлау, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парад бар. Бұған дейін Мемлекет басшысы 8 наурызға арналған салтанатты жиын мен мерекелік концертті де тоқтатқан болатын. Мұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігі мен саулығы үшін жасалуда,  деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Президенттің халықаралық кездесулер кестесіне де өзгерістер енгізілді.

Қазіргі уақытта әлем бойынша сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер, келіссөздер тоқтатылып жатыр. Сондықтан, Қазақстанда да бірқатар сыртқы саяси шаралар, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің министрлерінің кездесуі сынды жиындар кейінге қалдырылып немесе тоқтатылып жатыр. Сонымен бірге, Президенттің жұмыс кестесінің босап қалмағанын да атап өткен жөн. Пандемия біздің ұлттық мүдделерімізді қозғайтын экономикаға, қаржыға және халықаралық қатынастарға ықпал етуде. Сондықтан Мемлекет басшысы жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер жағдайындағы елдің стратегиялық даму мәселелерін шешуге мән беріп отыр. Сонымен бірге, ол жедел әрекет етуге көбірек көңіл бөледі: жиналыстар мен кездесулер өткізеді, жағдайды қадағалайды және тиісті ведомстволардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстап отыр,  деді Б. Уәли.

Ілмек сөздер: Президент Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір