• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:06:31
Алматы
+35°

Қазақстанға коронавирус бар елдерден қанша адам келгені белгілі болды. Бұл туралы  Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады. 

Қытайдан 1454 адам келген, 401 адам карантинде жатыр. Олардың 90-ы қазақстандық,  311-і шетелдік азамат. Шетелдік азаматтардың 306-сы Қытай азаматы. Қазір 232 адам каратиннен шығарылып, 169 адам карантинде қалған.

Ираннан Қазақстан 69 адам келген. Келген адамдардың 68-і карантинде жатыр. 52 адам – қазақстандық, 16 адам – ирандық азамат. Қазіргі таңда 35 адам карантиннен шығарылып, 33 адам карантинде жатыр. 

Оңтүстік Кореядан 819 адам келген. Карантинде жатқандардың саны – 764. Олардың 706-сы қазақстандық болса, 58-і шетелдік азамат. Сондай-ақ шетелдіктердің 13-і оңтүстіккореялық азамат. Карантиннен 65 адам шығарылған, 699 адам карантинде жатыр. 

Италиядан 37 адам келіп, барлығы карантинде жатыр. Италиядан келгендердің 33-і қазақстандық, төртеуі шетелдік. Әлі карантиннен шығарылғандар жоқ. 

Франциядан келген 17 адам үйде оқшауланған. Олардың 15-і қазақстандық, қалған екеуі шетелдік азамат. 

Германиядан 217 адам келген. Олардың 108-і қазақстандық болса, 109-ы шетелдік азамат. Қазір 195 адам үйде оқшауланған. 

Испаниядан 34 адам келген. Олардың 19-ы қазақстандық, қалған 15-і шетелдік азамат. 32 адам үйде оқшауланған. Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмау белгісімен 23 адам ауруханаларға жатқызылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір