• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:42:55
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2020 Саясат

Атырау орталыққа аударатын қомақты қаржының мәлім мөлшерін өзінде алып қалғысы келеді

Атырауда Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырыс өтіп, кездесуде республикалық бюджеттің мақсатты және тиімді пайдаланылуы мен үш жылдық бюджеттік трансферттерге өзгертулер еңгізу мәселелері талқыланды.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Парламенттің баспасөз қызметі дерегін негізге ала отырып хабарлайды. 

Дереккөз мәліметінше, жиында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов те сөз алған. Оның айтуынша, облыс  орталыққа үнемі қомақты қаржы аударғанымен жергілікті жерлерде біраз мәселе шешілмей келеді.

«Оларды реттеу үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажет. Атап айтқанда,  республикалық бюджет есебінен салынған жаңа әлеуметтік нысандарды қамтамасыз ету мәселесі де бар»,-деді әкім орынбасары.  

Бұл  ретте депутат Серік Құсайынов министрліг Атырау облысының орталыққа қомақты қаржы аударып отырғанын ескеру керек екенін айтты. Оның пікірінше, облыстан орталыққа "қалтасына" түсетін аударымдардың бір бөлігін аймақтың өзінде қалдырса құба-құп.

Себебі, соның арқасында өңірде шағын және орта бизнесті, сонымен бірге, отандық өндірісті қолдау арқылы салық базасын дамытуға мүмкіндік тумақ.

Яғни, өндіріс көбейген сайын одан түсетін салық та артпақ. Соның арқасында орталыққа аударылатын ақшаның көлемі артпаса, кемімейтінге ұқсайды. Бұл үкіметпен қатар халыққа да тиімді болмақ.

Өз кезегінде Қаржы министрлігінің өкілі бұндай ұысынысты ескеретінін жеткізді.

"Бүгінде аймақтарға қолданысқа жаңадан берілген нысандарды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен трансферт бөлінбейді. Қазіргі бюджет заңнамасында қолданыстағы бар нысандарды ғана қаржыландыру көзделген,  мысалы, білім беру мекемелері сияқты. Министрлік осы мәселені  жақын арада шешуге кіріседі", – деді Қаржы министрлігінің бюджеттік саясат департаменті басшысының орынбасары Айгүл Айтбаева.

 

тағы оқи отырыңыз: Атырау Қазақстанды әлі асырап тұр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір