• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:25:48
Алматы
+35°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда наурыз мейрамына орай өткізілетін іс-шаралардың тыйым салынуына қатысты түсініктеме берді. 

– Наурыз – біздің ең үлкен мейрамымыз. Сондықтан азаматтардың барлығына бас қоспаңдар деп айту қиын. Себебі қазақ бұрыннан бері бір-біріне барып, амандасып, қал-жағдайды сұрастырған ғой. Бірақ өмірдің қауіпсіздігі – басты мәселе. Коронавирус қаупіне байланысты Наурыз мерекесі қарсаңындағы үлкен тойларға, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынып отыр. Десе де адамдардың бір-біріне барып, көрісуіне, бір-бірін құттықтауына ешқандай шектеу қойылмайды, – деді Тоғжанов арнайы баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзінше, адамдардың бір-біріне баруына тыйым салу қиын. Оны ешкім қадағаламайды.

– Әрине, әрбір адам өзін ғана ойламауы керек. Әрбір азамат өз жанұясын ойлауы керек, айналасындағы ағайындарын ойлауы керек. Сондықтан ағайындар бір-біріне барып, құттықтап жатса, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймыз. Ал бұрынғыдай мың адам жиналатын үлкен шараларға тыйым салынады, – деп атап көрсетті Тоғжанов.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір