Елде коронавирус тіркелмегендіктен балабақшалардың әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– Балабақшалар туралы айтатын болсақ. Бүгін сіздер елімізде коронавирус тіркелмегенін естідіңіздер. Сондықтан балабақшалар жұмысын жалғастырады. Коронавирус жағдайы тіркелетін болса, қажетті шаралар қабылданады, – деді Аймағамбетов.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстанда коронавирус тіркелмегенін айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір