• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:48:20
Алматы
+35°

Қытайлық зерттеушілер кішкентай балаларға коронавирус жұғу қаупі төмен  екенін айтты Бұған вирус жұқтырған ересек адамдардың кішкентай балалармен сөйлеспеуі себеп болуы мүмкін. Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығындағы зерттеушілердің бұл мәлімдемесі New England Journal of Medicine журналында жарық көрді. 

Қаңтар айының ортасына дейін 15 жастан кіші балалардың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат жоқ. Зерттеушілер кәмелет жасқа толмаған балалардың коронавирус жұқтыру қаупі төмен немесе вирус жұқтырғанның өзінде ауру белгілері бірден байқалмайтынын айтты. 

– Неге екені белгісіз бірақ ересектер балаларға қарағанда коронавирусты тез жұқтырады, – деді инфекционист Ричард Мартинелло. 

Зерттеушілер бұл жақсы жаңалық деп есептейді. Себебі балалар адамдармен көбірек сөйлесіп, араласады. Сол себепті олар вирустың таралуын күшейтеді. 

– Балаларға коронавирус жұғу қаупі төмен болса, бұл қуанарлық жаңалық. Себебі вирусты балалар қаншалықты көп жұқтырса бұл коронавирустың таралуын күшейтеді, – дейді педиатр Аарон Милстоун.

Зерттеушілер балалар ауруханасындағы ақпарат әзірге толық жинақталмағандықтан, болжамның нақтыланбағанын ескертті. Алайда олар "балалардың вирус жұқтыру қаупі жоғары болса, коронавирустан зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болатын еді" деп есептейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір