• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:04:32
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қазақ-дүнген жанжалынан кейін бес адам ұсталды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді.

– Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп, – деді Дембаев.

Оның айтуынша, күдіктілердің бәрі ұсталған жоқ.

– Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады, – деді бас прокурордың орынбасары.

Бұған дейін, ішкі істер министрлігі кейбір жергілікті билік органдарына Жамбыл облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен астам қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір