04 Наурыз, 2020 Барлық аймақтар
123ru.net
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда 248 Қытай азаматының карантинге алынғанын айтты. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 6 қаңтардан 1 наурызға дейін Қытайдан мемлекеттік шекара бекеттері арқылы Қазақстанға 32 456 азамат келген.
– Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер. 2020 жылдың 20 ақпан - 4 наурыз аралығында Қытайдан келген барлығы 315 адам оқшауланды. Олардың 64-і - Қазақстан азаматы. 251 шетелдік бар, олардың 248-і - Қытай азаматы. Ираннан 24 адам келді. Олардың 9-ы - қазақстандық, 15-і - Ираннан келген, - деді Ахметшәріп.
Брифингте коронавирус күдігімен 63 адам тексерістен өткені, олардан ешқандай да вирустың белгілері табылмағаны аталып өтілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір