• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:58:11
Алматы
+35°

Украина Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко коронавирустың жаңа түрінің алғашқы оқиғасы елдің Черновцы облысында тіркелгенін айтты. Бұл туралы РИА хабарлады.  

–  Кеше төрт адам күдікпен жатқызылғанын айттым, бүгін күдігіміз бір адамның бойынан расталды, – деді шенеунік.

Ляшконың айтуынша, коронавирусқа ұқсас белгілер Италиядан оралған отбасында пайда болды. Отбасы өздігімен "оқшауланған", ал екі күннен кейін ер адамның бойынан аурудың белгілері байқалған. Ол отбасылық дәрігерге барып, жұқпалы аурулар ауруханасында емдеуді қажет ететін белгілер пайда болғанша нұсқауларды орындады. Қазіргі таңда эпидемиологтар науқаспен байланыста болған адамдармен жұмыс істей бастады, мұндай адамдар көп емес.

Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты, оның 2943-і қайтыс болды, ал 47,2 мың адам аурудан айықты. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір