• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:15:52
Алматы
+35°

Бүгін Семей қаласында "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевке қатысты сот отырысы басталды.

Онда Жәкішевтің мерзімінен бұрын шарты мерзімге босату туралы өтініші қарастырылуда.

Ол 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын өтеуге алдымен Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге жіберілген, кейін Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында болды. 2015 жылы туыстары, адвокаты мен құқық қорғаушылардың өтінішінің арқасында ол Долинкадан қайта Заречныйға жіберілген. Бірақ 2017 жылы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты тергеу ісіне қатысу үшін Астана қаласының изоляторына этаппен жіберілген. Тергеу ісі аяқталған соң мамыр айында Долинкаға, ал шілде айынан бері Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

♦"5 сағаттық қойылым": Судья Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Еске сала кетсек, «Қазатомпром» экс-басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев соңғы медициналық тексерілуден соң оның бас ми жүйесінде ақау бар екені анықталғанын айтқан болатын.  Кейін былтырғы жылдың 17 шілдесінде Жәкішовті Қарағанды облысындағы колониядан ШҚО-облысы Семей қаласындағы қатаң режимді колонияға ауыстырды. Осының себебінен Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы тағы да нашарлай түсті.

Ал жазда оның жағдайы мүлдем асқына бастады. Жәкішев үшінші топтағы мүгедек қатарына қосылып, жұмыс жасау қабілетінің 50 пайызынан айырылды. Сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің жоғары қан қысымның кесірінен көздің ішкі тор қабығы жарылып кеткен. Күз  мезгілінде Қарағанды қаласында Жәкішевтің көзіне операция жасалды. 

♦Мұхтар Жәкішев: "Сыбырлап айтылған шындық қатты әрі жаңғырып естіледі"

Қыркүйек айында Мұхтар Жәкішевтің анасы қатты сырқаттанып қалды. Жәкішев хәл үстінде жатқан науқас анасымен кездесуіне рұқсат беруін сұрап, өтініш жазды. 18 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің анасы қайтыс болды. Кейін қаралы хабарды естіген Мұхтар Жәкішев анасын соңғы сапарға шығарып салуды сұрап, өтініш жазды. Бірақ оған мұндай мүмкіндік берілмеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жәкішевтің сотына қатысты да пікір білдірген еді. 

"Мұхтар Жәкішевтің мәселесі тек соттың құзыретіне жатады. Әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен босатуды сұрағанынан хабардармын. 3 наурызда сот отырысы өтеді. Сот шешімін күтеміз. Соттың әділ шешім шығаратынына сенімдімін" деді Тоқаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір