• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:58:25
Алматы
+35°

Қытайдың "Хубэй" провинциясы эпидемиямен күресу үшін  алғашқы уақытша ауруханаларды жапты. Бұл туралы Reuters.com хабарлады. 

Коронавирусты жұқтырған науқастар клиникадан шығарылғаннан кейін арнайы ауруханалар жұмысын толықтай тоқтатуға шешім қабылдады. Індетке қарсы 16 уақытша аурухана жұмыс жасап, 13 мың адамға ем шаралары көрсетілген болатын. Сондай-ақ, Уханьдағы уақытша ауруханалардың басшысы айдың аяғында басқа да індетке қарсы салынған ауруханаларды жабу жоспарда барын атап өтті.

 

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының хабарлауынша, Хубей провинциясында жексенбіде 196 жаңа жағдай тіркелді. 

Басқа қалаларда ауруды жұқтырғандар саны да азайды. Тек 6 жаңа жағдай расталды, бұл өткен айдағы ең төменгі көрсеткіш. Жалпы көрсеткіш 80 026 адамға жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір