• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:57:20
Алматы
+35°

Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы керек. Бұл туралы Қазақстан  президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

Тоқаевтың сөзінше, бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуге тиіс.

"Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы керек. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті. Бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуге тиіс. Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді" деп жазды президент. 

Тоқаев бейбіт жиындар  туралы өткен жылы желтоқсанда өзінің бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырсында да айтқан болатын. Президент сол кезде Конституция талаптарына сәйкес Қазақстан митинг өткізудің "ескерту" формасына көшу керегін және "Бейбіт жиындар туралы" жаңа заң жобасы жасалғанын мәлімдеген. 

Ал 26 ақпанда Нұр-Сұлтанда бейбіт жиындар туралы жаңа заң жобасына қатысты қоғамдық тыңдауға қатысқандардың кейбірі жобаны қолдап, шеруді арнайы белгіленген орында өткізу дұрыс деді. Кейбірі бейбіт шеру өткізу үшін биліктің рұқсаты қажет емес, оның өтетінін ескертсе ғана жеткілікті деді. Тыңдауға қатысқан белсенділер өздерін бейбіт жиында ұстап кете беретінін, тіпті үйден шыға алмайтындарын айтып, бұл жобаның қабылдануына қарсы шықты.

Қазақстанда соңғы жылдары билікке қарсы бейбіт жинындар мен қарсылық акциялары жиі өтіп жүр. Көбіне мұндай жиындарда "Оян, Қазақстан", "Шал, кет!" деген ұрандар айтылады. Билік оған қатысқандарды ұстап, әкімшілік жазаға тартумен келеді. Соңғы рет мұндай қарсылық акциялары 25 ақпанда қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болғанынан кейін өтті. 

Қоғам белсенділері мен саяси ұйымдар 1 наурызда да Дулат Ағаділдің өліміне байланысты билікке қарсы бейбіт митингіге шығатындарын мәлімдеді. Олардың арасында 2019 жылы президент сайлауынан кейін құрылған Респубилка қозғалысы, өздерін "билікке қарсы оппозициялық ұйымбыз" деп есептейтін "Демпартия" және тіркелмеген "Көше" партиясының белсенділері бар. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір