• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:51:31
Алматы
+35°

Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстанның аграрлық секторында ел экономикасының драйвері болудың алғышарттары бар екенін атап өтті. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. 

Сенат спикері елімізде ауыл шаруашылығын басқару мен әкімшілендіру жүйесін қайта қарау, сондай-ақ, нысаналы индикаторларды өзгерту қажет екенін айтты. 

– Не себепті  біз тұрғын үйлер салып, "дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруымыз керек, егер ол жерде жұмыс болмаса. Әрине, ол жерде болашақ та жоқ.  Бұл бағдарламар болашағы бар елді мекендерге бағытталуы керек. Тек осылай ғана нәтиже көре аламыз, ал бұл болмаса, ақша желмен ұшқандай болады, –  деді Дариға Назарбаева парламенттік тыңдалымда.

– Құрметті әріптестер, тыңдалымға қатысушылар! Қазақстанның аграрлық саясатының негізгі міндеті, халықты 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл ішкі нарықты реттеу, кіріс көзін жақсарту, жаңа технологияларға көшу, барлық заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы өнім шығару. Сол кезде біздің фермерлерге әртүрлі мекемелерді аралап, сапа сертификатын алу үшін қағаз жинау қажет болмас еді,– деп Назарбаева өз сөзін жалғастырды.

– Барлық шешімдер мұқият қаралып, жасалуы керек. Қазақстан – біздің жеріміз. Біз жеріміз үшін ата-бабаларымыз бен ұрпақтарымыздың алдында жауаптымыз. Сонымен қатар жерімізді ешкімге бермейміз. Бізде сыртқы дұшпандар жоқ. Нағыз дұшпанымыз – жауапсыздық, біліксіздік, қағаз түріндегі есептерге икемнің жоқтығы, күнделікті оқиғаларға деген немқұрайлық,– деді сенат спикері Дариға Назарбаева.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауыл шаруашылығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір